2018 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаев шілденің бірінші жексенбісінде атап өтілетін Ұлттық домбыра күнін белгіледі.
Құрметті оқырмандар! Әмбебап оқу залында ағымдағы жылдың 7 маусымынан бастап қазақ музыкалық мәдениетінің басты символы –домбыраға арналған «Қазақ жаны – домбыра» атты көрме-таныстыруы жұмыс істейтін болады.
Көрменің мақсаты – оқырмандарды қазақтың ұлттық аспабы – домбырамен таныстыру, оқырманның ой-өрісін кеңейту, қазақ халқының рухани құндылықтарына деген сүйіспеншілікті арттыру.