Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Құттықтаймыз!
30.06.2021

Бүгін, 2021 жылдың 30 маусымында кітапхана ұжымының Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының (Алматы қ.) басшысы, Қазақстан кітапханалық одағының төрағасы Бақытжамал Қайырбекқызы Оспановамен кездесуі өтті. Бақытжамал Қайырбекқызы біздің жерлесіміз, Қостанай мәдени-ағарту училищесін бітіргеннен кейін Науырзым ауданында кітапханашы болып жұмыс істеді, қатардағы кітапханашыдан ОКЖ басшысына дейінгі жолдан өтті. Алматыға көшкеннен кейін оның кәсіби жолы жаңа жерде қайтадан қатардағы қызметкерден еліміздің бас кітапханасының басшысына дейінгі кезеңдерден өтті.

Қостанай облысының кітапханашылары Бақытжамал Қайырбекқызының біздің  облыстан шыққан ҚР Ұлттық кітапханасының екінші басшысы екенін мақтан тұтады. Оған дейін де кітапхананы ұзақ жылдар бойы біздің жерлесіміз, еліміздің көрнекті кітапханашысы Дәулетова Нәзира Қожахметқызы басқарған болатын.

Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК кітапханашыларымен кездесу барысында Бақытжамал Қайырбекқызы Ұлттық кітапхананың жұмысы, еліміздегі кітапхана ісінің жай-күйі, Қазақстан кітапханалық одағының рөлі туралы айтып берді. Кездесу соңында кітапхана ісінің ардагерлерін төсбелгілермен марапаттау рәсімі өтті.

 «Кітапхана ісінің ардагері» төсбелгісімен марапатталғандар:

Өлкетану әдебиеттері бөлімінің зерттеу және электронды өлкетану ресурстарын жасау секторының меңгерушісі Исмаилова Фатима Фазылқызы;

Кітапханаларды дамыту бөлімінің кітапханалық практиканың өзекті мәселелері бойынша әлеуметтік зерттеулер секторының меңгерушісі Багрянцева Елена Николаевна.

Қазақстан кітапханалық одағының «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен марапатталғандар:

Ақпарат, тіркеу және бақылау бөлімінің меңгерушісі Некрасова Вера Алексеевна; 

Өлкетану әдебиеттері бөлімінің көрме-бұқаралық жұмыс секторының меңгерушісі Күлшара Омарқызы Өмірғалиева;

Әмбебап оқу залының халықаралық кітап секторының меңгерушісі Федорова Валентина Павловна.

Алматы қ. ҚР Ұлттық кітапханасының Құрмет грамотасымен көшіру-көбейту аппаратының операторы Ермонова Галина Анатольевна марапатталды.

Барлық марапатталғандарды жоғары марапаттарымен құттықтаймыз, зор денсаулық, кәсіби табыс, кез келген бастамаларына сәттілік, жеке өмірінде бақыт тілейміз!


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ