Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Ғалым, жазушы – Тұрсын Жұртбай»
04.08.2021
Құрметті оқырмандар! 

Абонементтер бөлімі ақын, жазушы, профессор Тұрсын Жұртбайдың 70 жылдығына арналған «Ғалым, жазушы – Тұрсын Жұртбай» атты кітап көрмесін ұсынады.

Жазушының ауқымды тарихи зерттеулері, оның мазмұнды шығармашылығы оған баяғыда өшпес даңқ пен бедел алып келді.

Көрмеге 3 томдық шығармалар жинағы, әңгімелер, прозалар, романдар, эсселер, публицистикалық шығармалар, тарихи аңыздар, автордың «Ұраным – Алаш», «Жансар», «Кешегі өткен би Құнанбай», «Біртұтас Алаш идеясы», «Сүре сөз», «Жүрегімде – жұмыр жер», «Бесқарагер», «Қар астындағы көбелек», «Бейне сусыны» секілді кітаптары және т.б. қойылған. «Дулыға» атты 2 томдық басылымда автор көне түркі батырлары туралы баяндайды. 

А.Ісімақовтың «Тәуелсіздік кезеңіндегі әдебиеттану», А. Кемелбаевтың «Сөз хикмет», С. Қирабаевтың «Тәуелсіздік рухымен» кітаптарында жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы мақалалар келтірілген. 

Барлық тілек білдірушілерді көрмені көруге шақырамыз! #Qazaqstan30


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ