Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Кітапхана ісінің майталманы»
06.08.2021
Құрметті оқырмандар!

Өлкетану әдебиеттері бөлімі назарларыңызға Қазақстан Республикасы мәдениет саласының еңбек сіңірген қайраткері Гульжамерия Галиаскаровна Казинаның 65 жасқа толуына арналған «Кітапхана ісінің майталманы» бейнешолуын ұсынады. 

Гульжамерия Галиаскаровна Л. Н. Толстой атындағы ҚОӘҒК-да отыз жылдан астам қызмет етті. Гульжамерия Галиаскаровна бойындағы жоғары кәсіби деңгейімен, тұлғалық қасиеттерімен көзге түсіп, 2005 жылы облыстық кітапхананың басшысы болып тағайындалды. Оның ұйымдастырушылық қабілеті мен жаңашылдығы мәдени орталықтың жұмысын биік деңгейге көтерді. ҚР мәдениет қайраткері, кітапхана ісінің үздігі Гульжамерия Галиаскаровна көптеген грамоталармен, дипломдармен, ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған медальмен, М. Шолоховтың 100 жылдығына арналған Мәскеу муниципальдық академиясының естелік медалімен марапатталған.

Қарау үшін сілтеме арқылы өтіңіздер: https://youtu.be/kqUxm2MHTRA

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ