Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Бір автордың көрмесі «Марапат – еселі еңбектің ескерткіші»
13.09.2021

Құрметті оқырмандар! 

Өлкетану әдебиеттері бөлімінде белгілі мәдениет қайраткері, педагог, өлкетанушы, әдебиетші Иван Иванович Дьячковтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Марапат – еселі еңбектің ескерткіші» атты бір автордың көрмесінің ашылуы өтті.

Иван Иванович ХХ ғасыр мен ХХІ ғасырдағы қаншама оқиғаларға куә болып, ұзақ әрі қызықты ғұмыр кешті.  Өткен өмірді зерттеу оның өмірлік ұстанымына айналды: ол өмір бойы тарихи-өлкетану және мәдени-ағарту ісімен айналысты. Оның мақалалары мен кітаптарының кейіпкерлері – Отанын қорғаған, соғыстан кейінгі экономиканы көтерген, жаңа қалалар, зауыттар мен фабрикалар салған, тың жерлерді игерген түрлі ұрпақтың өкілдері.

Барша қостанайлықтарды біздің көрмеге келіп, И. И. Дьячковтың «Богатырь крылатой гвардии», «Наши звездные и беззвездные герои», «Славные патриоты моей Родины», «Наши знатные землячки»,  «Из истории легендарного АО ССГПО», «Маршрутами целинного подвига» сияқты түрлі өлкетану жұмыстарымен танысуға шақырамыз.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ