Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Көркем сөздің көрнекті шебері
15.09.2021

15 қыркүйек күні өлкетану әдебиеттер бөлімі ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында жазушы, сатирик, журналист, Қазақстан жазушылар Одағының, сондай-ақ, Қазақстан журналистер Одағының мүшесі Ғұмар Ғарифоллаұлы Ахметчинге арналған «Көркем сөздің көрнекті шебері» атты еске алу кешін өткізді. Ғұмар Ахметчин тірі болғанда қыркүйектің 8-і күні 80 жасқа толар еді. Аталған іс-шараға қаламгердің жақын туыстары, достары, ұжымдастары қатысты. Ол бір бойына журналистік қабілет пен жазушылық талантты сыйдырған тамаша адам еді. Ол өзінің адамдарға деген зор махаббатымен, айналасындағыларды күлкіге қарық қылатын жайдары әзілдерімен, ақыл-парасатымен жақындарының, достарының және оқырмандардың есінде мәңгі қалары анық. Бірақ бәрінен де маңыздысы – қаламгердің біз мақтана көрсете алатын шығармашылық мұралары.

#Qazaqstan30


 


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ