Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Мен – Абайдың мұрагерімін!»
20.09.2021

Құрметті оқырмандар!

 Әмбебап оқу залы көпмәдениеттілік ұстанымдарын ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде «Мен – Абайдың мұрагерімін!» библиомиксін ұсынады. 

Абай өлеңдері іс-шарада Қазақстан Республикасы этностарының тілдерінде оқылып, Франция, Америка, Польша және басқа да елдерде тұратын ақын шығармашылығын сүйетіндер жерлесіміздің жырларын оқымақ.

Достық үйінің қоғамдық бірлестіктерінің мүшелері, Америка бұрышының еріктілері, ғылыми және шығармашылық қауым өкілдері өздерінің сүйікті шығармаларын оқиды. Түрлі этностар мен жас өкілдері айтқандары әлі күнге өзектілігін жоғалтпай отырған Абай Құнанбаевтың өлеңдері туралы өз ойларымен бөлісетін болады. 

Кітапхана қорында Абайдың әлем халықтарының тілдеріне аударылған шығармалары жинақталған, оқырмандар олармен танысып қана қоймай, ұлы қазақ ақыны шығармашылығын жаңа қырынан тани алады.

 

Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер:https://www.youtube.com/watch?v=5hkw8xYMsDc


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ