Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Шартарапқа танылған тұлға»
01.10.2021

      Құрметті оқырмандар! Өлкетану әдебиеттері бөлімінде ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, Сарыкөл ауданының тумасы Өмірзақ Махмұтұлы Сұлтанғазиннің туғанына 85 жыл толуына арналған «Шартарапқа танылған тұлға» атты дербес көрме ашылды.

           Көрнекті математик ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Өмірзақ Сұлтанғазиннің есімі қазақстандық ғылым мен ғарышкерлік тарихына алтын әріптермен жазылды. Бұл адамның бойынан әлемдік ғылымның ірі бағыттары мен мектептерінің негізін қалаушыларға тән энциклопедиялық білім мен ерекше ұйымдастырушылық қабілеттер керемет үйлесім тапқан.  

           Қостанайлықтарды ғалымның еңбектері мен Өмірзақ Махмұтұлының өмірі мен қызметі туралы баяндайтын  Султангазин У. «Методы сферических гармоник и дискретных ординат в задачах кинетической теории переноса», Козыбаев И. «Умирзак Султангазин», Жұмабаев К. «Аулым-атамекенім», Жұмабаев К. «Ұшқан ұя» еңбектері қойылған кітап көрмесімен танысуға шақырамыз. 


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ