Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Қаламгер мерейі»
01.10.2021

Құрметті оқырмандар! Абонементтер бөлімі назарларыңызға қазақтың көрнекті жазушысы, аудармашы, драматург, қоғам қайраткері Роллан Сейсенбаевтың 75 жылдығына арналған «Қаламгер мерейі» атты кітап көрмесін ұсынады.

 Қазақстанның құрметті азаматы, қызықты шығармаларымен оқырмандардың жүрегін жаулап алған және қазақтың атақты ғалымдарының шығармаларын қазақ тілінен шетел тілдеріне аударған әлемге танымал жазушы.

Көрмеге 4 томдық шығармалар жинағы, прозалары, пьесалары, эсселері, аударған шығармалары, «Қазақ елі немесе Дербестік пен Даралық үшін Жанталас», «Тектілер туралы реквием» романдары, сонымен қатар орыс тіліндегі «Заблудившийся крик», «Лестница в никуда», «Отчаяние, или Мертвые бродят в песках», «Трон сатаны», «Три романа»  романдары және  «Тоска по отцу, или День когда рухнул мир», «Всего одна ночь», «Дни декабря» атты әңгімелер жинағы қойылған. А. Кемелбаеваның «Сөз хикметі», Т. Жұртбайдың «Бейнет сусыны» кітаптарында жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы айтылады.  

Барлық тілек білдірушілерді көрмені көруге шақырамыз.

 

    

 


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ