Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Инклюзивті мәдениет – заман талабы»
12.10.2021

Құрметті оқырмандар!

Л. Н. Толстой атындағы ОӘҒК әмбебап оқу залында 7 қазанда басталған хабардарлық онкүндігіне орайластырылған, халықтың инклюзивті мәдениетін және мүгедектігі бар адамдарға толерантты қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталған «Инклюзивті мәдениет – уақыт талабы» кітап көрмесі жұмыс істей бастады.

 Инклюзивті мәдениет инклюзивті білім берудің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша Қазақстанда ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалардың саны жыл сайын өсуде, демек қоғам тарапынан оларға қосымша назар аудару қажет.

 Көрмеге ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеуде қолданылатын педагогикалық технологияларды ұсынатын арнайы әдістемелік әдебиеттер қойылған. Сондай-ақ көрмеден педагогикалық журналдарда қазіргі мектеп жағдайында инклюзивті білім беру туралы, білім беру процесін басқару жайында, қазіргі үрдістер мен инклюзивті білім беру жүйесі үшін мұғалімдерді кәсіби даярлауға қойылатын талаптар туралы жарияланған мақалаларды көруге болады.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ