Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Нар тұлғалы актер»
03.11.2021

 Құрметті оқырмандар, Өнер туралы әдебиеттер бөлімі назарларыңызға Қазақ КСР халық әртісі Бекен Имахановтың туғанына 85 жыл толуына арналған «Нар тұлғалы актер» атты кітап көрмесінің бейнешолуын ұсынады.

Бекен Имаханов кеңес және қазақ актері, Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматы, «Сахнагер» ұлттық театр сыйлығының «Сахналық өмір» номинациясының лауреаты. 1959 жылы Құрманғазы ат. Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірді және драма театрының артісі біліктілігін алып шықты. Ол қазақ батырларының, әнші-композиторларының, ақындары мен жазушылары образдарының толық галереясын жасады. Оның Абайды, Шәкәрімді, Құнанбай мен Бауыржан Момышұлын сомдаған рөлдері көрермендер, сыншылар мен театр мамандары тарапынан ерекше жоғары бағаға ие болды.

        Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер:https://www.youtube.com/watch?v=QD3v7bJ2yIQ&ab


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ