Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі»
22.11.2021
Құрметті оқырмандар! 

Абонементтер бөлімі Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» жолдауына арналған баспасөздегі тақырыптық жарияланымдар бойынша бейнешолуды назарларыңызға ұсынады.

Республикалық газеттердің беттерінде қазіргі кезде Қазақстан азаматтарын толғандырып отырған аса өзекті мәселелер сөз болған ел дамуының алдағы жылға арналған негізгі басымдықтары жарияланды. Қ.Қойшымановтың «Жаңа жобаларға жол ашу» атты мақаласында қазіргі кезеңдегі облысымыздағы автоиндустрияның даму мәселелері және оның алдағы уақыттағы жұмысы жайлы айтылады. В.Дорошконың «Тілді білу – парызым» атты жарияланымында әңгіме басқа диаспоралар өкілдері арасында қазақ тілін оқытуды дамытудың қажеттігі туралы болады. Ұ.Мұңалбаеваның «Руханиятқа жасалған үлкен қолдау», М.Қоңқабаеваның «Жауапкершілік зор», Ғ.Елшібайдың «Ауылдықтарды баспанамен қамтамасыз ететін бағдарлама қажет» мақалалары мемлекет басшысының жолдауына арналған.

Жолдауды жүзеге асыру қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің, азаматтардың әл-ауқатын арттырудың және Отанымыздың өркендеуінің берік кепілі болмақ.  

#Qazaqstan30




ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ