Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
30.11.2021
2021 жылдың 30 қарашасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында онлайн режімінде «Кітапханадағы келелі іс: Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК басшылары мерейтойларының аясындағы III Дәулетова оқулары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Дәулетова оқулары 2014 жылы кітапханашы мамандығының қоғамдағы рөлі мен беделін арттыру және Нәзира Қожахметқызы Дәулетованың ғылыми мұрасын дәріптеу мақсатында бекітілген болатын.

2021 жыл – жерлесіміз, Қазақ КСР еңбек сіңірген кітапханашысы, тарих ғылымдарының кандидаты Дәулетова Нәзира Дәулетованың 95 жылдық мерейтойы және әр жылдары Л. Н. Толстой ОӘҒК басқарған барлық 5 басшының мерейтойы болды.

Іс-шараның мақсаты – кітапхананың дәстүрлі құндылықтар жүйесін сақтаудағы және заманауи, цифрлық, ақпараттық қоғамды дамытудағы рөлін, сондай-ақ облыстың бас кітапханасының дамуына қосқан әр басшының үлесін көрсету.

Ғылыми-практикалық конференцияға облыстың және қаланың барлық жүйелері мен ведомстволары кітапханаларының, ҚР ҰК (Алматы), Ресейдің (Екатеринбург, Орынбор, Челябі), Украинаның (Хмельницкий) кітапханашылары, өңірдің ғылыми қоғамдастығының өкілдері қатысты.

Оқуларға қатысушылар цифрлық ақпарат ғасырындағы кітапхана қызметімен байланысты мәселелерді талқылады, әлеуметтік желілерде кітапхана қызметін ілгерілету тәжірибесімен, оқырмандармен жұмыс істеудегі жаңа тәсілдермен, медиасауаттылықты оқытумен бөлісті, кітапханалардың оқуды ілгерілетудегі, қоғамның ақпараттық, мәдени және рухани дамуындағы рөлін қарастырды.

#Qazaqstan30

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ