Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Адал адамның ерлігі»
06.12.2021

3 желтоқсанда Өлкетану әдебиеттері бөлімінде жазушы және тарихшы Н. М.Карамзиннің 255 жылдығына арналған «Адал адамның ерлігі» атты безендірілмелі кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Кезінде В.Г. Белинский: «Әдебиетіміздің барлық саласының басында: журналистика, сын, повесть-роман, тарихи повесть, публицизм, тарихты зерттеуде Карамзин тұрды»,-деген болатын.

Тиісінше, көрмеде оқырмандар Н. М.Карамзиннің «История государства Российского» атты негізгі тарихи еңбегімен, «Марфа-посадница» тарихи прозасының жинағымен, орыс әдебиетіндегі сентиментализмнің негізін қалаған «Бедная Лиза» әңгімесімен, «Письма русского путешественника» журналистік очерктерімен және автордың басқа да көптеген шығармаларымен таныса алады. Сондай-ақ осы жерде «Жизнь замечательных людей» сериясымен шыққан Н. М.Карамзиннің өмірбаяны берілген.

           Көрме бір ай бойы жұмыс істейді.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ