Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Үздік пиаршы-кітапханашы»
08.12.2021
Л.Н. Толстой ат. ОӘҒК Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында 2021 жылдың 01 маусымы мен 30 қыркүйегі аралығында «Үздік пиаршы-кітапханашы» облыстық байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты: кітапхана қызметкерлерінің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық белсенділігінің өсуін ынталандыру.

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізілді:
  • «Үздік пиар-жоба: кітапханалық іс-шараны, акцияларды ілгерілету»; 
  • «Әлеуметтік желілерде кітапхананы насихаттау»;
  • «Кітапхана туралы үздік бейнеролик». 
Оған облыстың 8 ОКЖ және № 2 ОӘҒК қатысты. Барлығы 21 жұмыс ұсынылды.

Қарабалық және Қостанай аудандық ОКЖ (7 жұмыстан), Федоров ОКЖ (2 жұмыс) белсенді қатысты. 

Үздік жұмыс болып танылғандар: 
  • Үздік пиар-жоба: «Видимая, слышимая, узнаваемая библиотека», Домалақова Роза Жақсылыққызы, Научный ауылдық кітапханасы, Қарабалық ОКЖ. 171 балл, Гран-при. 
«Библиотека - величайшее сокровище» кітапхана туралы бейнеролигі
  •  Шестакова Анна Ивановна, орталық аудандық кітапхана, Қарабалық ОКЖ. 167 балл, 1 орын.
  • «Продвижение Александровской сельской библиотеки в социальных сетях», Суховеркова Татьяна Николаевна, Александров ауылдық кітапханасы, Қостанай ОКЖ. 165 балл, 2 орын.
  • «Библиотека – сердце информационного общества» кітапхана туралы бейнеролигі,Самарских Елена Сергеевна, орталық аудандық кітапхана, Қарасу ОКЖ. 164 балл, 3 орын.
Әріптестерімізді шығармашылық жеңісімен құттықтаймыз және одан әрі кәсіби өсу, шабыт, табыс және мықты денсаулық тілейміз.

#Qazaqstan30



ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ