10 желтоқсанда Л.Н.Толстой ат. ҚОӘҒК жиналыс залында өлкетану әдебиеттері бөлімі жазушы және публицист Н. А. Некрасовтың туғанына 200 жыл толуына арналған әдеби кеш өткізді.
Н. А. Некрасов шынайы демократ, «Современник» журналының редакторы және баспагері, «Отечественные записки» журналының редакторы болды. Жазушының ең маңызды және әйгілі шығармаларының бірі – «Кому на Руси жить хорошо» поэмасы, онда ол шаруалардың қайғы-қасіреті мен арманын шынайы бейнелеген, поэзияны халықтың тілімен және өлең құрау элементтерімен байытты.
Кешке қатысушылар ұлы классиктің өмірі мен шығармашылығына экскурсия жасап, ақынның өлеңдерін оқыды, сондай-ақ «63» шығармашылық ұжымының орындауында Николай Алексеевичтің өлеңдеріне жазылған әндер шырқалды.
Іс-шара көрермендердің жылы лебізіне ие болды.