Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Бір ағаштың бұтақтары: Әзірбайжан әдебиеті»
12.01.2022

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы бойынша Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері басшылары кеңесінің отырысында 2022 жыл ТМД-ның халық шығармашылығы және мәдени мұрасы жылы болып жарияланды. Қ. К. Тоқаевтың айтуынша, мәдени-гуманитарлық қарым-қатынас әдетте тарихи байланыстарды сақтауда және халықтарымызды одан әрі жақындастыруда маңызды рөл атқарады.

Құрметті оқырмандар! Осы маңызды оқиғаға байланысты Абонементтер бөлімінде «Бір ағаштың бұтақтары» атты көрмелер циклі жұмыс істей бастады. Жыл басынан бері Әзірбайжан әдебиетін таныстыратын кітап экспозициясы ашылды.

Назарларыңызға «оттар елінің» бай тарихына, алуан түрлі және жарқын мәдениетіне, оның таңғажайып табиғаты мен көрікті жерлеріне арналған кітаптар мен мерзімді басылымдарды, сондай-ақ классикалық және қазіргі әзірбайжан әдебиетінің туындыларын ұсынамыз. Олардың ішінде әлемге әйгілі және көрнекті ақындар мен жазушылардың – Низами Гянджевидің «Ләйлі мен Мәжнүн», Мұхаммед Физулидің «Газели», Молл-Панах Вагифтің «Лирика», Мырза Фатали Ахундовтың «Таңдамалы шығармалары» және Әзірбайжанның көптеген басқа авторларының еңбектері ерекше орын алады.

Барлығыңызды бір ай бойы жұмыс істейтін көрмені көруге шақырамыз.

 



ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ