Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Путь художника» кітабының бейнетаныстырылымы
20.01.2022
Құрметті оқырмандар!

Өнер туралы әдебиеттер бөлімі назарларыңызға қостанайлық суретші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Георгий Соковтың «Путь художника» кітабының бейнешолуын ұсынады.

Соковтың қолтаңбасын қаламыздың көптеген ғимараттарынан және естелік орындарынан табуға болады. Туындылары кеңінен танымал болған суретші және график, сценограф, сәндеуші және монументалист 2021 жылы өзінің 80 жылдығын атап өтті. Басылымнан суретшінің шығармашылық өмірінде түрлі жанрлар мен техникаларда орындалған суреттердің репродукцияларын табуға болады. Георгий Михайлович Соков сонымен бірге осы томның оқырмандарына мүлдем жаңа қырынан – өзінің шығармашылық әдісін бір кездері «Бояуды мен ұйқастармен байладым...» деп  сипаттаған  талантты өлең құрастырушы ретінде де танылды. 

Бейнематериалды көру үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://www.youtube.com/watch?v=DK4iYtgyYUQ


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ