Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Хокку в картинках» көрмесінің ашылуы, «Путь художника» кітабының тұсаукесері
11.02.2022
Кітапхананың бірінші қабатының фойесінде белгілі қостанайлық суретші, өз ісінің шебері  Георгий Михайлович Соковтың «Хокку в картинках» көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.  Көрмеге суретшінің күншығыс елінің поэзиясы мен бейнелеу өнерін бір кеңістікте біріктірген 30 астам шағын көлемді суреті қойылды.

Г. М. Соковты құттықтауға қонақтар, Суретшілер одағының мүшелері В. Быков, А. Захарченков, С. Шалунова, белгілі қостанайлық суретшілер О. Кусков, С. Луговой, Н. Барабанов, шебер ұзақ уақыт өз тәжірибесін жастарға үйретіп келген Қостанай педагогикалық колледжінен әріптестері келді, сондай-ақ кешке БАҚ өкілдері қатысты.

Георгий Михайловичтің шеберлігі, еңбекқорлығы, жылдар бойы жоғалмаған сүйкімділігі, бір қалыпты және ұстамды мінезі, адалдығы, әдептілігі – осының бәрі оны жерлестерінің құрметіне бөледі.

Көрме ашылғаннан кейін көрермендер «Путь художника» кітабының тұсаукесеріне шақырылды. Тұсаукесерге облыстық сурет галереясының меңгерушісі С. Н. Калинова, актер, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі В. А. Захарьев, журналист, аталған кітапты жасауға тікелей қатысушы С. Киселев, қоғам қайраткері, журналист А. С. Денисов, суретші, оқытушы В. Н. Барабанов, сондай-ақ Қостанай педагогикалық колледжінің оқытушылары қатысты.

Іс-шара барысында Қостанай құрылыс колледжінің студенттері жаңа альбомдағы Г. М. Соков жазған өлеңдерді оқыды.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ