Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Корней атаның ертегілері»
01.03.2022

Өлкетану әдебиеттері бөлімі Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒК қонақжайында балалар ақыны, жазушы және аудармашы Корней Иванович Чуковскийдің туғанына 140 жыл толуына арналған «Корней атаның ертегілері» атты безендірілмелі кітап көрмесін ұйымдастырды.

К. И. Чуковскийдің шын есімі – Николай Корнейчуков. Ол 90 жылға жуық ұзақ өмір сүрді, оның жетпіс жылында әдеби жұмыспен айналысты. Ғылым докторы, Еңбек Ері, бірақ бүкіл елдің балалары үшін ол жай ғана «Корней ата» болды. Бір жағынан мейірімді, көңілді әңгімеші болса, екінші жағынан Күміс дәуірінің ең бағаланбаған жазушысы болды. Оның қаламынан балаларға арналған шығармалар – өлеңдер мен ертегілер ғана емес, сонымен қатар сыни мақалалар, естеліктер, әдебиеттану және тіл білімі бойынша еңбектер да шықты.

Көрмеде оның балаларға арналған кітаптары, ересек оқырмандарға арналған шығармалары, мақалалары, естеліктері, Уолт Уитманнан аудармалары, сондай-ақ әйгілі «Чукоккала» қолжазба альманахының қайта басылған басылымы ұсынылған.

Көрмемен танысқаннан кейін оқырмандар бала кезінен бәріне таныс «Корней атаның» көп қырлы талантын жақсырақ білетін болады.



ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ