Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Өзекті ақпарат
05.04.2022

Құрметті оқырмандар! Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі назарларыңызға «Ақпараттар ағымы» көрмесін ұсынады.

Көрмедегі тақырыптық жедел сөрелер өзекті тақырыптардың пайда болуына байланысты безендіріледі және мемлекетіміздің дамуындағы маңызды кезеңдерді көрсетеді.

Пайдаланушылар назарына ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласы және «Жыл кітабы – 2020» акциясы туралы ақпарат ұсынылған.

 Биылғы республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми және әдеби шығармашылығына арналған.

Оқырмандар көрмеден мемлекетіміздің саясатын көрсететін соңғы жылдардағы бағдарламалық басылымдармен таныса алады:

 «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы»:  ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың 2022 жылдың 16 наурыздағы Жолдауы; «Қазақстан – 2050» стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты; ҚР Президенті Қ-Ж. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы.

Сондай-ақ көрмеге оқырмандарды өңіріміздің тарихымен таныстыратын кітаптар қойылған.

Барлық тілек білдірушілерді көрмені тамашалауға шақырамыз.




ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ