Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Адам. Жазушы. Публицист»
05.04.2022

1 сәуірде қонақжайда Өлкетану әдебиеттері бөлімінің әдеби-ақпараттық секторы қазақстандық жазушы Иван Павлович Щеголихиннің туғанына 95 жыл толуына арналған безендірілмелі кітап көрмесін ресімдеді.

Иван Павлович Щеголихин 1927 жылы Қостанай облысы Новотроицк ауылында дүниеге келген. Медицина институтын бітірген. 1958 жылдан КСРО Жазушылар одағының мүшесі. Оның атын Қостанай облысының тың және тыңайған жерлерін игеру жайындағы «Снега метельные» повесі шығарды. Сондай-ақ оның «Дефицит», «Не жалею, не зову, не плачу», «Шальная неделя», «Должностные лица», «Холодный ключ забвенья» және т.б. кітаптары оқырмандардың сүйіспеншілігі мен сыншыларының оң пікірлеріне ие болды.

20 жылдай «Простор» журналында редколлегия мүшесі және проза бөлімінің меңгерушісі болды. Мұхтар Әуезов, Сәкен Сейфуллин, Сәбит Мұқанов, Ғабиден Мұстафин, Хамза Есенжанов, Бердібек Соқпақбаев, Мәлік Ғабдулин, Әди Шәріповтің шығармаларын орыс тіліне аударды.

Соңғы жылдары Иван Павлович саяси өмірге белсене қатысты, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық кеңестің мүшесі, Жоғарғы Кеңестің депутаты, Қазақстан Республикасы Парламентінің сенаторы болды.

Көрмеде И. П. Щеголихиннің шығармаларымен қатар ол туралы әдебиеттер де ұсынылған.




ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ