Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Өз ісінің әйгілі шебері»
06.04.2022

Құрметті оқырмандар! Сирек кітаптар мұражайы неміс баспагері Фридрих Арнольд Брокгауздың 250 жылдығына арналған «Өз ісінің әйгілі шебері» атты кітап көрмесін дайындады.

Фридрих Арнольд Брокгауз – «Брокгауз» баспа фирмасының негізін қалаушы және «Энциклопедии Брокгауз» басылымын шығарушы. Оның энциклопедиясы 1890 жылдан 1907 жылға дейінгі аралықта шығарылған 82 томдық ресейлік Брокгауз-Ефрон сөздігіне негіз болды. Барлық 82 том біздің мұражайда бар.

Бүгінгі таңда Брокгауз бен Ефронның энциклопедиялық сөздігінің материалдары қоғамдық игілік болып табылады. Энциклопедия ғылыми-техникалық тұрғыдан және көптеген гуманитарлық мәселелерді қамту жағынан өте ескірген болса да, оның көптеген мақалалары әлі күнге ақпараттық, мәдени және тарихи құндылығын жоғалтқан жоқ. Гранат энциклопедиялары немесе «Большая энциклопедия под редакцией С.Н.Южакова» сияқты маңызды балама жобалардың болуына қарамастан, БЕЭС революцияға дейінгі ресейлік ең жақсы әмбебап энциклопедия болып танылады.

Көрмеден БЕЭС келесідей томдарымен таныса аласыздар: Т. 17 (1896 ж.), Қостанай қаласы туралы мәлімет бар, Т. 69 (1902 ж.), бұл томда XIX ғасырдың аяғы – XX ғасырдың басындағы Торғай облысының сирек кездесетін түрлі түсті фотосуреті орналастырылған, Т. 82 (1904ж.) 300 портрет-фототиптерден тұратын «Энциклопедиялық сөздіктің» редакторлары мен қызметкерлерінің портреттік галереясы берілген.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ