26 сәуірде Әмбебап оқу залында Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында «Достық дастарқаны: Қазақстан халқының аспаздық дәстүрлері» атты аспаздық этнодәстүрлер кеші өтті.
Кешке қатысқан А. Байтурсынұлы ат. ҚӨУ профессоры Б. Х. Альшанова, татар ЭМО ақсақалдар кеңесінің ардагері В. А. Бондаренко, «Лира» украин ансамблінің қатысушысы М. В. Бут, башқұрт ЭМО өкілі Ф. Б. Дик біздің елімізде тұратын этностардың ұлттық тағамдары мен тамақтану дәстүрлері туралы айтып берді, ал мәдени мекемелердің әншілері өз өнерлерін көрсетті.
Іс-шара барысында Қостанай облысы этностарының ұлттық тағамдарды дайындау дәстүрлері мен аспаздық рецептерінің әртүрлілігі жайындағы әдебиеттер ұсынылған кітап көрмесі қойылды.
Көрмедегі «Национальные кухни народов мира», «Лучшие рецепты азиатской кухни», «Украинские народные блюда», «Татарская кулинария» кітаптары ерекше қызығушылықпен қаралды.
Шараға колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері, қала жұртшылығы қатысты.
Кешке келген қонақтарға ең үздік ұлттық тағамдардан дәм тату ұсынылды.