Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Ғасырлар бойы жадыңда жүрер ерлік пен қасірет»
28.04.2022

Әмбебап оқу залы назарларыңызға «Ғасырлар бойы жадыңда жүрер ерлік пен қасірет» көрме-естелігін ұсынады. Көрме барлық Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше елдердің Ұлы Отан соғысындағы ерлігі мен жеңісіне арналған.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс – бұл біздің ортақ тарихымыз, бұл біздің, сол кезде ортақ еліміздің бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен барлық ұлт жауынгерлерінің жауынгерлік бауырластығы, теңдессіз ерлігі мен батырлығы туралы естелік. Жыл сайын 9 мамырда қазақстандықтар 1945 жылғы ұлы Жеңіс үшін құлақ естіп, көз көрмеген ерлік жасаған майдан мен тыл батырларын, Қазақстан қаһармандарын, елін сүюдің үлгісін көрсеткен әйелдер мен ерлерді әрқашан ризашылықпен еске алатын болады!

Қазақстандық авторлардың кітаптары ерекше қызығушылық тудырады. Олардың ішінде Л. Ю. Гирш  пен Л. Б. Мананникованың  бірлесіп шығарған «Сквозь пламя войны» кітабы бар.

Кітаптан оқырман сол сұрапыл соғыстың ішінде болған, қайғылы оқиғаларға қатысушылардың, «соғыс балаларының» естеліктерін, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы кезіндегі артиллериялық бригаданың қолжазба журналындағы беттерді таба алады. «Пока бьется сердце» кітабы Қазақстан қыздарының майдандағы тағдырлары туралы. Оқырман Кеңес Одағының Батырлары М. Мәметовамен, А.Молдағұловамен, Н. Ковшовамен тағы да кездесіп, медбике М. Кухарскаямен, әскери дәрігер Р. Мақашевамен, штурман Х. Доспановамен, радистка Ш. Кусановамен танысады.

Біздің аталарымыз бен бабаларымыз біздің бостандыққа және тәуелсіздікке қол жеткізуімізге мүмкіндік берген өшпес ерлік жасады.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ