Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Леонид Беда: жизнь, отданная небу и Отчеству»
03.05.2022
3 мамырда Өлкетану әдебиеттері бөлімі Қостанай қ. № 21 жалпы білім беретін мектебінде «Леонид Беда: жизнь, отданная небу и Отчеству» атты отаншылдық сабақ өткізді.
Сабақ жерлесіміз – Ұлы Отан соғысына қатысушы, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, КСРО еңбек сіңірген әскери ұшқышы, авиация генерал-лейтенанты Леонид Игнатьевич Беданы еске алуға арналды. Шараға жиналғандар ұлы Жеңістің жалпыхалықтық ісіне өлшеусіз үлес қосқан қостанайлық жауынгерді бір минут үнсіздікпен еске алды.
Іс-шара бейнероликпен сүйемелденді, кітап көрмесі ұсынылды. Іс-шараға «Родина подвига – Родине героя» халықаралық еске алу және алғыс айту эстафетасының бастамашысы және үйлестірушісі Ужанов Александр Евгеньевич,  ММХҚИ доценті (Мәскеу қ.), Лида қаласының 116-шы гвардиялық шабуыл авиациялық базасының подполковнигі (Беларусь Республикасы) Эдуард  Николаевич Жмакин қатысты.
Бізге тек соғыс пен тыл батырлары туралы жарқын естеліктерді сақтау, олардың ерліктеріне лайық болуға тырысу ғана қалады. 




ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ