Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Халық ерлігінің ұлылығы»
05.05.2022

Құрметті пайдаланушылар! 2022 жылғы 5 мамырда Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒК көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімінің Рудный қ. филиалы назарларыңызға Ұлы Жеңіс күніне арналған «Халық ерлігінің ұлылығы» көрме-экспозициясын ұсынады.

Бұл күн әр отбасының, әр адамның тарихымен мәңгі байланысты, өйткені фашизмді жеңу бүкіл адамзат өміріне қосқан үлес болып табылады. Бұл Жеңіс халыққа аса қымбатқа түсті, сондықтан біз оны жүрегімізде және жадымызда сақтай отырып, оған мұқият қарауымыз керек. Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар ұрпақтар жадының сақтаушылары болып табылады. Соғыс туралы кітаптар – нақты оқиғалардың рухани жалғасы. Көрме-экспозиция үш бөлімнен тұрады: «Жеңістің ұзақ жолы», «Жерлестеріміздің ерлік даңқы», «Жорықта жазылған жырлар». Көрмеге К.Симоновтың «Живые и мертвые», А. Мұхамеджановтың «Казахстанцы в битве под Москвой», Ғ. Мүсіреповтың «Қазақ солдаты», А. Халимульдинаның «Звездный час Мәншүк» шығармалары,   «Қостанай облысының Әскери Даңқ кітабы. 1941–1945 жж.» және басқа да көптеген шығармалар қойылған.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ