Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Отан қорғаушы – мақтануға болатын мамандық»
05.05.2022

Құрметті пайдаланушылар! ҚР Қарулы күштерінің 30 жылдығы аясында Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒК көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімінің Рудный қ. филиалы оқырмандар назарына «Отан қорғаушы – мақтануға болатын мамандық» тақырыптық сөресін ұсынды.

Тақырыптық сөреде О. Жанайдаровтың «Менің елім Қазақстан» кітабы, «Менің Отаным тәуелсіз Қазақстан» энциклопедиясы, біздің өлкемізді қорғап жүргендер мен жер бетінде бейбітшілік жолында қызмет етіп жүргендер жайындағы, аспанымыздың ашықтығы мен Отанымыздың қауіпсіздігін және оның тұрғындарының ұйқысының тыныштығын қамтамасыз етіп жүргендер жайлы мерзімді басылымдардан алынған мақалалар ұсынылған.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ