Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Соғыс. Жеңіс. Естелік»
06.05.2022

6 мамыр күні Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК әмбебап оқу залында Жеңіс күніне арналған «Соғыс. Жеңіс. Естелік» атты еске алу кеші өтті.

Кештің басты қонақтары қаламыздың тыл еңбеккерлері болды, олар соғыс кезіндегі әркімнің басына түскен ауыр сынақтар, отандастарымыздың бұрын-соңды болмаған ерлігі, табандылығы мен батырлығы жайында, ұлы Жеңістің маңыздылығы туралы айтып берді.

Тарих ғылымдарының кандидаты, Челябі мемлекеттік университетінің Әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасының профессоры С. В. Самаркин Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің Жеңіске қосқан үлестері туралы,  адам төзгісіз жағдайда майданға қажеттінің барлығын қамтамасыз  еткен ерліктері туралы айтып берді.

Іс-шара барысында әскери тақырыптағы деректі және көркем әдебиет ұсынылған «Ғасырлар бойы жадыңда жүрер ерлік пен қасірет» атты кітап көрмесі қойылды.

Ә. Нұршайықовтың «Боздақтар», Т. Көлбаевтің «Бәрі де майдан үшін. Бәрі де женіс үшін!», Ж. Аупбаевтің «Рухы күштілер», «Герои Великой победы казахстанцы» кітаптары және т.б. басылымыдар ерекше қызығушылық тудырды.

Кеш соғыс батырлары – ардагерлерге, тыл еңбеккерлеріне денсаулық, ұзақ өмір тілей отырып жылы, достық жағдайда өтті.




ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ