Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Болашақ үшін ұмытуға болмайтын ұлы зұлмат»
17.05.2022

Құрметті оқырмандар! Абонементтер бөлімі Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінің 25 жылдығына арналған «Болашақ үшін ұмытуға болмайтын ұлы зұлмат» атты кітап көрмесін ұсынады. 1997 жылдан бастап жыл сайын 31 мамырда Қазақстан өз тарихының ең қайғылы беттерінің бірі – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнін атап өтеді. Көрмеде ұсынылған кітаптар саяси қуғын-сүргін кезеңінің тарихи оқиғалары туралы нақты ақпаратты, ХХ ғасырдың 30-жылдары қуғын-сүргінге ұшыраған және атылып кеткен қазақ зиялыларының еңбектерін қамтиды. Қазақстан тарихының қайғылы кезеңі болып қалған саяси қуғын-сүргін, халықтарды жер аудару және ашаршылық Т. Омарбековтың «20–30 жылдары Қазақстан қасіреті», В. Михайловтың «Хроника великого джута» және «Великий джут», «Политические репрессии в Казахстане 1937–1939 гг.» және т. б. кітаптарының беттерінде көрініс тапқан. Алаш қозғалысының тарихы мен оның қайраткерлерінің қайғылы тағдырлары «Аманаты Алаштың», «Движение Алаш», «Алаш ақиықтары», «Алаш ұлағаты», «Алаш көсемсөзі» және т.б. кітаптарда көрініс тапқан.  Көрменің көрнекті жеріне Алаш қайраткерлері мен қуғын-сүргінге ұшыраған жазушылардың бірегей еңбектері және олардың қызметі жайындағы әдебиеттер қойылған. Олардың ішінде А. Бөкейхановтың 15 және 6 томдық шығармалары, А. Байтұрсынұлының «Шығармалары», Ж. Досмұхамедовтың, С. Сейфуллиннің шығармалары бар.

Кітап көрмесін көруге шақырамыз. 


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ