Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Махаббаттың мұңы мың»
26.05.2022

26 мамырда Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒК қонақжайында Абонементтер бөлімі мен Өлкетану әдебиеттері бөлімі Константин Георгиевич Паустовскийдің туғанына 130 жыл толуына арналған «Махаббаттың мұңы мың» атты әдеби кеш өткізді.

Константин Георгиевичтің шығармашылық мұрасы орасан зор. Ұйымдастырушылар кешті «Табиғатқа деген сүйіспеншілік», «Тарихқа деген сүйіспеншілік» және «Адамдарға деген сүйіспеншілік» атты өзара байланысты үш бөлімге бөле отырып оның түрлі қырларын ашуға тырысты. Кеш К. Г. Паустовскийдің өмірбаяны мен шығармалары бойынша өткізілген дәстүрлі викторинамен аяқталды.

Іс-шараға қатысқан ЖОО мен ООО студенттері сұхбатқа белсенді қатысып, викторина сұрақтарына жауап берді, жүргізушілерді қызығушылықпен тыңдады, танымал актерлер К. Г. Паустовскийдің шығармаларынан үзінділер оқыған бейнероликтерді көңіл қоя қарады. 


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ