Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Пушкин күні
06.06.2022

6 маусымда Балалар жылы аясында Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒК қонақжайында Өлкетану әдебиеттері бөлімінің қызметкерлері А.С. Пушкиннің туғанына 223 жыл толуына орай қызықты интерактивті іс-шара өткізді. Әдеби кешке бастауыш сынып оқушыларымен қатар студенттер де қатысты. Ұйымдастырушылар шараның қатысушылардың барлығы үшін қызықты болуына күш салды, танымдық және ойын-сауық сипатындағы тапсырмаларды дайындауға тырысты. Мысалы, «Балықшы мен балық туралы ертегінің» баламалы соңын ойлап тауып, суретін салу керек болды. Қиялға ерік берген қатысушылар тапқырлық көрсетіп, тапсырманы тамаша орындап шықты.

Іс-шара жұртшылықтың А. С. Пушкиннің жеке басы мен шығармашылығына, көркем әдебиетке, поэзияға деген қызығушылығын сақтауға және нығайтуға ықпал етпек.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ