10 маусым күні «Встреча друзей» музыкалық клубының «Музыкальная гармония» атты есеп беру концерті өтті. Іс-шарада И.П.Ларионовтың «Калинка», И. Суручанның «Незабудка», А. Германның «А он мне нравится», Б. Пахомовтың «Кадриль», «Птица счастья», Р. Щербакованың «Кукушка» және тағы басқа танымал әндері шырқалды. Қостанай қалалық ҰОС ардагерлері кеңесі төрағасының орынбасары Байсарина Раушан Әбдіғалиқызы клуб мүшелеріне алғыс айтып және құттықтау сөз сөйледі.