Л. Н. Толстой ат. Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы жанындағы «Парасат жолы» орталығында А. Байтұрсынұлы ат. ҚӨУ әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Ғабит Болатқанұлы Құсайыновпен кездесу өтті. Әңгіме барысында Ғабит Болатқанұлы парасаттылыққа тәрбиелеу ең алдымен отбасында, ата-аналардың үлгі көрсетуімен басталатынын айтты. Бұл – ең алдымен кітап оқу, өйткені әдебиет адамға әдептілікті, адамгершілік пен мейірімділікті тәрбиелеуге көмектеседі.
Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер:
https://www.youtube.com/watch?v=osWA7HRrsRU