Дәрігерлер – бұл адамның басты құндылығы – өмірі үшін жауап беретін мамандардың ерекше тобы.
16 маусым күні Өнер туралы әдебиеттер бөлімінің қызметкерлері Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Қостанай облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» КММ-де «Медицина қызметкерлері күніне» арналған көшпелі іс-шара өткізді. Жедел медициналық жәрдем қызметкерлері үшін мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Өз кезегінде кітапханаға бас дәрігер И. А. Штейгервальд пен кәсіподақ комитетінің төрағасы О. А. Светлакованың алғыс хаты, сондай-ақ «"SENIM" денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы РҚБ ҚОФ төрағасы Т. Б. Булгацевичтің грамотасы табыс етілді.