Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Журнал сөресі»
17.06.2022

Әмбебап оқу залы «Библио Sпутник» кітап оқуды ілгерілету жобасы бойынша жұмысын жалғастыруда және назарларыңызға «Журнал сөресі» бейнешолуын ұсынады.

«Свой» журналы – «Культура» газетінің ай сайынғы қосымшасы, Никита Михалковтың алдыңғы қатарлы консерваторларға арналған журналы. Басылым беттерінде тарихи және мәдениеттанулық мақалалар, өткен және қазіргі заманның кумирі туралы өмірбаяндық жазбалар жарияланады. Никита Михалковтың «Слово издателя» айдары басылымның негізгі бағыты болып табылады. Біздің заманымыздың өзекті мәселелері өткір де мәнерлі тілмен көрініс табады. «Книжная палата», «Культурная эволюция», «Стоп-кадр», «Ретроспектива» айдарларынан олардың бағыты анық аңғарылады.  Кино, театр, әдебиет әлемі, тарих – барлығы да біз үшін бүгінгі күні терең ойластырылған және өте қажетті әңгіме тақырыбы болып табылады.

Мақалалар қарапайым, анық, түсінікті тілмен жазылған, сондықтан тіпті философия жайындағы маңызды мақалалар да қызықты және түсінікті оқылады.

Бұл шынымен де ойланып жүретін адамдар үшін «өз» журналы болып табылады.

Танысу үшін сілтеме бойынша өтіңіздер:

https://www.youtube.com/watch?v=VPiqes1teSA


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ