Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Шешілуі тиіс шаруа»
23.06.2022

Бүгін Әмбебап оқу залы 26 маусымда атап өтілетін Халықаралық есірткі заттарын қолдануға және оның заңсыз айналымына қарсы күрес күніне арналған «Шешілуі тиіс шаруа» атты наразылық сабағын өткізді.

Осы күнге орай әлемнің көптеген елдерінде халықты, ең алдымен жастарды есірткіні тұтынудың зияны мен салдары туралы хабардар етуге және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған ағартушылық іс-шаралар мен акциялар өткізіледі.

Іс-шараға ҚИнЭУ «Кәсіпкерлік колледжі» ЖМ студенттері қатысты. Іс-шараның мақсаты – психоактивті заттарды қолданудың алдын алу.

Шараға жиналғандар алдында «Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығы» КМК консультациялық-диагностикалық бөлімшесінің психологы Бейсембаева Гүлсім Айтжанқызы баяндама жасады. Іс-шара қонақтарының назарына «Шешілуі тиіс шаруа» атты кітап көрмесі ұсынылды.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ