Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Бір ғасырда бір туар ғұлама»
27.06.2022

Құрметті оқырмандар! Абонементтер бөлімі назарларыңызға өз халқының бір туар ұлы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 125 жыл толуына арналған «Бір ғасырда бір туар ғұлама» атты кітап көрмесін ұсынады. Жазушы қазақ халқының қазіргі тарихында, оның мәдениеті мен әдебиетінің дамуында ерекше орын алады.

Көрме жазушы шығармашылығының сан қырлылығын ашып көрсетеді. Тарауларының бірінде Мұрат Әуезов әкесінің ерекше қасиеттері туралы айтып беретін «Времен связующая нить» басылымы үлкен қызығушылық тудырады. Н. Анастасьевтің «Трагедия триумфатора: Мухтар Ауэзов – судьба и книги» атты кітабынан әлемге Абай туралы әйгілі трилогияны тарту еткен автордың тоталитарлық билік пен сталиндік қуғын-сүргіннің қасіретін қалай бастан өткергенін білуге болады. А. Муминовтың «Родословное древо Мухтара Ауэзова» кітабында ұлы жазушының ата-бабасының шежіресі берілген. Жерлесіміз Данабике Байқадамова өзінің «Мен білетін Әуезов» атты кітабында Мұхтар Әуезов жайындағы естеліктерімен бөліседі.

Көрмеде ұсынылған әдебиеттермен танысу арқылы оқырмандар Әуезовтің күрделі, үздіксіз күрес пен қиындықтарға толы болған өмірі туралы, оның дарынының сан қырлылығы жайында біле алады.

Барлығыңызды 2022 ж. 27.06.–29.07. аралығында жұмыс істейтін көрмені тамашалауға шақырамыз.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ