Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Поэзия әлемінің дарабозы»
04.07.2022

Абонементтер бөлімінде ақын, жазушы, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың туғанына 80 жыл толуына арналған бір автордың көрмесі жұмыс істей бастады.

Мұхтар Шаханов – Қырғызстан мен Қазақстанның көрнекті халық ақыны және жазушысы. Оның «Бақыт» атты тұңғыш өлеңдер жинағы 1964 жылы жарық көрді. «Махаббат таңы», «Көкейтесті», автор А. Энштейн атындағы алтын медальға ие болған «Жазагер жады космоформуласы» (Шыңғыс ханның пенделік құпиясы) поэтикалық пьесалары республикалық театрлардың сахналарында қойылды. Жазушының шығармалары әлемнің 40-тан астам тіліне аударылған. Оның өлеңдерінде әндер шығарылған. Мұхтар Шаханов «Түркі тілдес халықтар арасындағы әлемнің ең үздік ақыны» сыйлығының иегері, А. Нобель атындағы Алтын медальмен марапатталған, «Тарлан» сыйлығының лауреаты.

Көрменің көрнекті жеріне ЮНЕСКО екі мыңжылдық тоғысындағы жаһандық мәселені көтерген шығарма ретінде жоғары бағалаған «Өркениеттің адасуы», «Жазагер жады космоформуласы» (Шыңғыс ханның пенделік құпиясы), «Дәуір дастандары», «Төрт ана», «Дара талғам қасіреті», «Тілсіздендіру анатомиясы», «Мәңгүрттенбеу марсельезасы», «Эверестке шығу», «Ғашықтық ғаламаты», «Махаббатты қорғау», «Лики времён» кітаптары және басқалар қойылған. Мұхтар Шаханов өз шығармаларында маңызды әлеуметтік-адамгершілік мәселелерді көтереді.

Сіздерді абонементтер бөліміне шақырамыз. Көрме шілде айы бойы жұмыс істейді.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ