Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Кітап және қаламгер»
12.09.2022

Өлкетану әдебиеттері бөлімі кітап пен кітап оқуды ілгерілету жобасы аясында «Кітап және қаламгер» кітап көрмесіне арналған бейнесюжеттер сериясын жалғастыруда. Бұл жолы назарларыңызға белгілі қостанайлық ақын Николай Федорович Кочиннің «Пикантная соль» жинағын ұсынамыз.

Николай Федорович – Қостанайдың қарт авторларының бірі, ол 1938 жылы туған. Ақын және прозашы, сатирашы, сықақшы. Қостанай жастарының әдеби бірлестігін ұйымдастырушы. Тың өлкесі жазушыларының алғашқы жиынына қатысушы. «Ковчег» және «Prata Martis» әдеби бірлестіктерінің мүшесі.  «Это наша с тобой биография», «Эхо в пыли», «Пикантная соль» және «Камлание шамана» өлеңдер жинағының авторы.

«Пикантная соль» жинағына балаларға арналған пародиялар, эпиграммалар, репликалар, экспромттар мен өлеңдер, сонымен қатар «Бумеранг» бөлімі – достық әзіл суреттер, эпиграммалар және автордың өзіне арналған пародиялар кірген. Жинақ тек поэзия әуесқойларына ғана емес, сонымен қатар көпшілік оқырмандар үшін де қызықты, өйткені ондағы шымшыма сықақтар біздің күнделікті өмірімізді бейнелейді.

Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер:

https://www.youtube.com/watch?v=du9vW_9-jDE


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ