Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Красочный дебют»
22.09.2022

Қазақстан Республикасындағы Балалар жылы аясында 22 қыркүйекте кітапхананың бірінші қабатының фойесінде А. Никифоров ат. Қостанай мамандандырылған балалар көркемсурет мектебінің педагогтары мен оқушыларының шығармашылық жұмыстарының «Красочный дебют» атты көрмесінің ашылуы өтті.

Көрермендер назарына түрлі техникада орындалған 40 жұмыс ұсынылды. Түрлі тақырыптағы суреттер қиялыңа қанат бітіріп, сырын жасырған сұлулық әлеміне жетелейді. Осы сұлулықтан ләззат алған сіз күнде көріп жүрген дүниеңізге басқа қырынан қарап, бұрын байқамай келген кереметтерін көруге тырысасыз. Бұл – өнер деген ұлылықтың сиқыры, ал балалар – осы әдемі әлемді көруге көмектесетін сиқыршылар.

Көрменің ашылуына 80 астам адам қатысты, олардың ішінде Суретшілер одағының мүшелері және қостанайлық суретшілер: Н. Торшин, В.Быков, С. Шалунова, О. Кусков, С. Ли және БАҚ өкілдері болды.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ