Құрметті оқырмандар! Абонементтер бөлімі назарларыңызға жыл сайын 18 қазанда атап өтілетін Рухани келісім күніне арналған «Рухани мәдениет – дүниенің кілті» атты кітап көрмесін ұсынады. Бұл – жанжалдар мен қақтығыстарға тоқтау салып, татуласуға жол іздейтін күн, жақыныңа мейірімділік танытып, көмек көрсететін күн.
Қазіргі кездегі әлеуметтік-мәдени шындыққа талдау жасайтын Е. А. Оңғаровтың «Қазақ мәдениеті және ислам құндылықтары», Т. Х. Габитовтың «Казахская культура: теория и история» кітаптары оқырмандар арасында үлкен қызығушылық тудырады.
Рухани мәдениетті, дін мен ұлттық құндылықтар арасындағы қарым-қатынасты түсіну мәселелері М. Сәбиттің «Духовная культура великой степи и современность», С. Ибадуллаевтың «Религия и традиции» кітаптарынан көрініс табады. Ошоның «Музыка души» және «Мудрецы Талмуда» кітаптары да ешкімді бейжай қалдырмайды.
Барлығыңызды 13 және 28 қазан аралығында жұмыс істейтін көрмені көруге шақырамыз.