Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Менің жерім, менің Қазақстаным»
20.10.2022

20 қазанда Әмбебап оқу залы Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Қостанай облыстық ауруханасы» КМК ұжымы үшін ұлттық мереке – Республика күніне арналған «Болашаққа ұмтылған ел» отаншылдық сағатын өткізді және «Менің жерім, менің Қазақстаным» атты кітап көрмесіне шолу жасады.

Республика күні – еліміздің басты ұлттық мерекелерінің бірі. Бейбітшілік, ұлт өкілдерінің ұлттық мәдениеттерінің бірлігі, түрлі діндердің өзара келісімі – барлық қазақстандықтарды біріктіруші идея.

«Менің жерім, менің Қазақстаным» кітап көрмесінде Қазақстан тарихы, оның мәдениеті мен дәстүрлері, тәуелсіздіктің бастауында тұрған және біздің заманымызда Қазақстанның дамуына тікелей ат салысып жүрген тұлғалар туралы қызықты, мазмұны бай және көркем безендірілген кітаптар ұсынылған.

Іс-шара түрлі этнос өкілдерінің мемлекеттік тілдегі мерекелік құттықтаулары жазылған «Менің Қазақстаным – бейбітшілік пен келісім жолы» бейнеролигін көрсетумен аяқталды.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ