Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Көңілімнің шуағы
20.10.2022

20 қазанда Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒК өлкетану әдебиеттері бөлімі Қазақ әдебиеті апталығы аясында педагог, журналист және ақын Ғалымбек Әбілқайыровқа арналған кеш өткізді. Кештің құрметті қонағы оның ұлы –«Тобыл-Торғай» сайтының директоры-бас редакторы, ақын Ғанибет Ғалымбекұлы Әбілқайыров болды.

Ол әкесі туралы естеліктерімен, оның педагогикалық және әдеби қызметі, журналистикадағы жаңашылдығы туралы ойларымен бөлісті. Іс-шараға ақын, Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты Серікбай Оспанов және ақын, драматург Абылай Мауданов қатысты. Олар өз өлеңдерін оқып қана қоймай, Ғалымбек Әбілқайыров поэзиясының ерекшелігіне, ақынның азаматтық ұстанымына да тоқталып өтті.

Оқырмандар назарына Ғалымбек Әбілқайыровтың шығармаларымен, оның өмірі мен қызметі жайындағы әдебиеттермен танысуға болатын «Көңілімнің шуағы» атты кітап көрмесі ұсынылды.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ