6 қарашада Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒК көру қабілеті шектеулі адамдар үшін үстел ойындары бойынша өткізілген «Ақ тура» сайысы аяқталды. Ол «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің 85 жылдығын мерекелеу аясында өтті. Сайысты «Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ Қостанай облыстық филиалы Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімінің белсенді қолдауымен өткізді.
Сайыстың бас төрешісі профессор, дойбыдан Қазақстан чемпионы Юрий Яковлевич Бондаренко болды. Қызықты және табанды сайыста «Дода» үстел ойындары клубының 11 қатысушысы жүлделі орындар үшін күресті.
Барлығы 9 дойбы партиясы ойналды. Нәтижесінде жүлделі орындар келесідей ретпен бөлінді: ерлер арасында 1-ші орын – П. Самойлов, 2-ші орын – В.Тупицын, 3-ші орын – Ж. Есенжолов. Әйелдер арасында 1-ші орын – С. Ершова, 2-ші орын – Л.Тупицына, 3-ші орын – А. Дабылова.
Сайыс барлық ережелер бойынша және достық ахуалда өтті.