21 қарашада кітапхана қызметкерлері ЕҚЫҰ миссиясының бақылаушыларына экскурсия өткізді. Қонақтарға Л. Н. Толстой атындағы ҚОӘҒК тарихы, кітапхананың заманауи мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді, оқырмандарға қызмет көрсетумен айналысатын кітапхана бөлімдері таныстырылды. Сирек кездесетін кітап қоры, өнер туралы әдебиеттер бөлімі, Америка бұрышы және оқу залы қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Экскурсия барысында көптеген сұрақтар қойылды. Экскурсия соңында қонақтар танымдылығы мол экскурсия үшін алғыстарын білдіріп, сирек кездесетін кітаптар қорындағы Пікірлер кітабына жазбалар қалдырды.