Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Жаңа Қазақстанның идеялары»
24.11.2022
Президенттің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы еліміздегі ең маңызды саяси оқиғалардың бірі болып табылады.
2022 жылдың 23 қарашасында Абонементтер бөлімі Қазақстан Республикасының Президенті Қ-Ж. Тоқаевтың 2022 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан халқына жария еткен «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауына арналған «Жаңа Қазақстанның идеялары» атты дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараға тарих ғылымдарының кандидаты, саясаттанушы В. Г. Вишниченко, «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Р. Г. Капарова қатысты. Валерий Георгиевич реформалардың қазақстандықтардың өміріне оң әсері туралы айтып берді. Руслана Ғабитқызы әділ Қазақстан құрудағы жастардың рөлін түсіндірді.
Қазақстан Президентінің еңбектері мен оның жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдаулары ұсынылған шара аттас кітап көрмесі оқырмандардың қызығушылығын тудырды.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ