8 желтоқсанда кітапханада белгілі қостанайлық фотограф Иван Иванович Мармалидидің «АритмиЯ» атты мерейтойлық жеке көрмесінің ашылуы өтті.
Көрермендер назарына 40-тан астам жұмыс – пейзаждық композициялар, портреттер мен натюрморттар ұсынылды. Иван Ивановичтің жұмыстарының бірі 2020 жылы «Натюрморт» номинациясы бойынша 35AWARDS алтыншы халықаралық фотосыйлығының үздік жүз жеке жұмысының тізіміне кірді.
Көрменің ашылуына 80 адам қатысты, олардың ішінде Суретшілер одағының мүшелері және Қостанайлық танымал суретшілер: Г. Соков, Н.Торшин, С. Ли, еңбек сіңірген мәдениет қызметкері С. Петрова, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген актері В. Захарьев, сондай-ақ БАҚ өкілдері болды.