Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Жаңа әдебиеттер
13.12.2022

Құрметті оқырмандар! Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі тұрақты жұмыс істейтін «Жаңа кітаптар» кітап көрмесін ұсынады.

 Көрмеде білімнің түрлі саласы бойынша: Қазақстан тарихы, саясат, педагогика, көркем әдебиет және т. б. кітаптар ұсынылған.

И. В. Ерофеевтің «Между всеми старшинами знатнейший»: Первый казахский тархан Жанибек Кошкарулы» кітабы XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы Орта жүздің атақты батыры, Жоңғар хандығының жаулап алу саясатына қарсы қазақ халқының азаттық күресін басқарған басты қаһармандардың бірі тархан Жәнібек Қошқарұлының тарихи өмірбаянын баяндайды.

Ж. О. Артықбаевтың «Популярная этнография казахов» кітабында этникалық тарихтың қызықты және танымдық беттері, дәстүрлі шаруашылықтың ерекшеліктері, рухани және материалдық мәдениет мәселелері, өмір салты мен діни нанымдар, отбасылық-некелік құндылықтар және қазақтардың ежелден бүгінгі күнге дейінгі туыстық қатынастар жүйесі қарастырылған.

З. А. Аманжоловтың «Правда о государственной границе Республики Казахстан» кітабы Қазақстанның белгілі бір елдермен мемлекеттік шекарасын халықаралық-құқықтық тұрғыдан ресімдеуге арналған бірегей басылым болып табылады. Онда Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын белгілеу және орнату үдерісі егжей-тегжейлі баяндалады, еліміздің көрші мемлекеттермен арадағы шекарасын анықтау тарихы да айтылады.

Кітап көрмесінде қызығушылық танытқан оқырманның назарын аударатын басқа да қызықты басылымдар бар.

Баршаңызды көрмемен танысуға шақырамыз.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ