Құрметті оқырмандар! Абонементтер бөлімі назарларыңызға Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгенің енгізілуінің 30 жылдығына арналған «Ұлттық валюта: кеше және бүгін» атты кітап көрмесін ұсынады. Ұлттық валютаның қолданысқа енгізілуі – мемлекетіміздің ақша жүйесінің даму тарихындағы ерекше кезең.
Көрмеге «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері Тәуелсіздік нышандары», Н. Назарбаев «Казахстанский путь», «Первый Президент Республики Казахстан Нурсултан Назарбаев. Хроника деятельности», Б. Аяғанның «Қазақстанның жаңа тарихы», «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» 3 томдық кітабы, О. Сәбден «Экономика: энциклопедиялық анықтамалық» және т. б. басылымдары қойылған. Бұл кітаптар ел тарихындағы ең қиын және жарқын сәттерді баяндайды, Қазақстанның бүгіні мен болашағы үшін теңгені енгізудің тарихи маңыздылығына шынайы баға беріледі. Көрмеде ұсынылған QR-кодтардың көмегімен теңгенің ұлттық валютасын енгізу туралы бейнероликтерді көруге болады.
Жыл бойы жұмыс істейтін көрмені көруге шақырамыз.